Алматыдағы ботаникалық бақта аққуды қылқындырған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ботаникалық бақтың әкімшілігі таратқан мәліметке сәйкес, бейнебақылау камералардың арқасында аққуды қылқындырған ер адам бір күннің ішінде анықталды.
42 жастағы тәртіп бұзушы соттың шешімімен 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
"Бұған дейін біз аққулар жүретін тоғанның айналасын адам қауіпсіздігі үшін қоршауды жоспарлаған болатынмыз. Енді жануарларды адамдардан қоршау қажеттігіне көзіміз жетті",- дейді ботаникалық бақтың қызметкерлері.
Бұдан бөлек, баққа келетін адамдар гүлзарды басып, пикник жасайды. Осылайша, өсімдіктерді таптап кетеді. Өздерінен кейін қоқысты да жинап кетпейді.