Павлодардағы дүкендердің бірінде полицейлер кәмелетке толмаған адамға алкоголь өнімдері мен темекі сату фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Онда дүкен сатушысы құжаттарды және сатып алушының жасын сұрамай тауарды сатқан.
Дүкен иесіне қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материалдар сотқа қарау және шешім қабылдау үшін жіберілді.
"Мас азаматтар көбінесе қылмыстың құрбаны болады. Айта кету керек, осы жылдың басынан бастап полицейлер қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны және алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 695 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Мәжбүрлеп емдеуге алкоголь мен нашақорлыққа тәуелді 229 адам жіберілді. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына осындай 10 мыңнан астам адам айығу болу үшін орналастырылды", – дейді Павлодар облысы ПД.