Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні Астана уақытымен 19:03-те магнитудасы 3,1 жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 35 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісі сезілмегені атап өтілді.
Еске сала кетейік, 5 тамыз күні кешке Шымкентте және Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі тіркелді. Сол кезде жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болды.