Тауық төбелестірген Шымкент тұрғынына айыппұл салынды

/
Тауық төбелестірген Шымкент тұрғынына айыппұл салынды
istockphoto.com

Шымкент тұрғыны әтеш төбелесін ұйымдастырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкент қаласының сотында азамат Т.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 444-бабының 1-бөлігі — «Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат ету» бойынша әкімшілік іс қаралды.

«2025 жылғы 15 маусымда Шымкент қаласында белгіленбеген жерде тиісті рұқсатсыз әтеш төбелесін өткізуге арналған алаң ұйымдастырған. Сотта құқық бұзушы Т. өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, заң талаптарын білмегенін жеткізді, мұндай заңсыз әрекеттерді қайталамайтынына уәде беріп, соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады», – деп хабарлады ведомствода.

Сот оны ӘҚБтК-нің 444-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған ӘҚБтК-нің 829-11-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 550 480 теңгеге дейін қысқартылып, ойын жабдықтары, ақша, заттар және басқа да құндылықтар тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары