Доллар бағасы 544 теңгеге жетті

/
Доллар бағасы 544 теңгеге жетті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 539,38 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,68 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 7 тамызға арналған ресми доллар бағамы – 536,58 теңге.

Kurs.kz сайтының деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 538,35 теңге, сату бағамы – 540,45 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 536,94 теңгеге сатып алып, 543,94 теңгеге сатып жатыр.

Еске салайық, 4 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,35 теңгеге, 5 тамызда – 3,98 теңгеге, ал 6 тамызда – 0,97 теңгеге төмендеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары