Қостанай ауруханасында тағы да студент-дәрігер таяқ жеді

/
Қостанай ауруханасында тағы да студент-дәрігер таяқ жеді
istockphoto.com

Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде медицина қызметкеріне шабуыл жасалды. Зардап шеккен — медициналық университеттің студенті. Ол ауруханада жазғы тәжірибеден өтіп жүрген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауруханаға келген келушілердің бірі — анасынан айырылған әйел — дәрігерлерді анасының өліміне кінәлап, ашу үстінде қыздың иығынан ұрған. Оқиға тіркеу бөлімінен үш метр жерде тұрған күзетші мен полиция қызметкерінің көз алдында болған.

Жәбірленушінің айтуынша, бірнеше күн бұрын олар қабылдаған әйел ентігу мен жүрек қағысының жиілеуіне шағымданған. Науқастың қызының талап етуімен оны невропатолог қарап, амбулаториялық ем алуға жіберген.

Оқиғадан кейін 7–10 минут өткен соң бөлімшеге қызметкерлер шақырған полиция патрулі келіп жетті. Аменоваға шабуыл жасаған әйел екінші қабаттағы кабинетке түсініктеме беру үшін жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция түсініктемелер жинап, тиісті құжаттарды рәсімдеуде. Оқиғаға қатысушылардың барлығы бөлімшеге жеткізілді.

«Әйел адамның эмоционалды күйде тіркеуші-тәжірибешіні итеріп жібергені белгілі болды. Жағдай полицияның бақылауында. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары