Елена Рыбакина Канададағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

/
Елена Рыбакина Канададағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жартылай финалда отандасымыз канадалық Виктория Мбокодан (WTA рейтингінде 85-орында) 6:1, 5:7, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағат 46 минутқа созылды. Рыбакина бес эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың 7-еуін пайдаланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары