Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйлерде қарақұрт қаптап жатыр

/
Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйлерде қарақұрт қаптап жатыр
lada.kz

Ақтаулықтар тұрғын үйлердің кіребестерінде улы өрмекшілер пайда болғанын ескертіп, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Желідегі мәліметтерге сүйенсек, бунақденелілер 11-шағын ауданның көпқабатты үйлерінің кіреберістерінен байқалған. Тұрғындар қала халқына абай болуды ескертіп отыр.

– Абай болыңыздар, бұл – өте қауіпті өрмекші. Балаларыңызға да бұл туралы түсіндіріп қойыңыздар, – деп жазды тұрғындар.

Еске салайық, бұған дейін қарақұрт қаланың орталығынан да табылған. Бұл өрмекші – әлемдегі ең қауіпті түрлердің бірі саналады.

Экология министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі, «ECOJER» қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, өрмекшілерді туристер байқамай алып келуі мүмкін немесе олар бұрыннан Ақтаудағы Ботаникалық бақ сияқты жерлерде мекендеп келген. Қазір олардың күрт көбейіп кетуі – жаппай таралуына себеп болған.

Қарақұрттың қаупі жөнінде Маңғыстау облысы бойынша экскурсиялар ұйымдастыратын ақтаулық Руслан Чуров та ескерткен болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қарақұрт шағу деректері тіркелгенін хабарлады.

Ал «Western» клиникасының педиатры Кристина Муха Lada.kz редакциясына аймақта кездесетін әртүрлі өрмекші түрлері шаққанда не істеу керектігін түсіндіріп берді.

Биология ғылымдарының кандидаты Марк Пестов Маңғыстау өңірінде тіршілік ететін және адамға қауіп төндіретін бунақденелілер туралы мәлімет ұсынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары