Елімізде 5 жаңа кәсіби мереке бекітілді

/
Елімізде 5 жаңа кәсіби мереке бекітілді
istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстандағы кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты НҚА Эталондық банкіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстанда 74 кәсіби мереке бекітілген.

Жаңартылған тізімге бес жаңа кәсіби мереке қосылды:

  • Қазақстанның қолөнершілер күні – 7 шілде;
  • Табиғи монополия қызметкерлерінің күні – 9 шілде;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні – 15 қыркүйек;
  • Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің күні – 20 қазан;
  • Қазақстанның Кәсіпкерлер күні – 29 қазан.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары