«Өзіңізден аумайды»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің өнерін көрсетті (ВИДЕО)

/
«Өзіңізден аумайды»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің өнерін көрсетті (ВИДЕО)
instagram

Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызының ән айтқан сәтін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мерей Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін шырқаған.

«Туғандар әндетіп отырмыз. Кештеріңіз жарық болсын!», – деп жазды әнші жазбасында.

Желі қолданушылары қыздың дауысына таңдай қағып,жылы лебіздерін жазды.

 «Аумайды өзіңізден», «Жарайсың, Мерей! Әннің сөзін соңына дейін толық айтып шықтың. Қазақи тәрбие қандай керемет», «Дауысы қандай әдемі. Керемет орындайды екен», «Өте әдемі дауыс. Ұялып отырған сияқты», – деді олар.

Анасының сөзінше, алайда Мерей өнер жолын қаламайтынын айтқан.

«Өзі жалғыз отырғанда жақсы айтады, бірақ әнші болмаймын деді», - деп жауап берді Мақпал ханым.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары