Ақтауда үш адамды суға батып бара жатқан жерінен құтқарып, өзі қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына пәтер берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 26 шілдеде Каспий жағалауында болған. Ер адам жүзуге арналмаған жерде суға түскен екі қызды құтқарып қалған. Ерлан Шонтабаев оған көмекке бірге ұмтылған тағы бір ер адамды да құтқармақ болған, алайда қатты толқын салдарынан өзі қаза тапқан.
«Бүгін, 6 тамызда, суға батып бара жатқан екі адамды құтқару кезінде қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына Ақтаудан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Толықтай қоныстануға дайын бұл баспана құрылыс компаниясының демеушілігімен берілді. Сондай-ақ демеушілер есебінен марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігі.