Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын болған. Оқиға куәгерінің айтуынша, бақташы жаңбыр кезінде мал бағып жүріп, телефонмен сөйлескен. Сол сәтте найзағай түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бақташы атымен, қасындағы итімен бірге сол жерде қаза тапқан.
Жедел қызметтер найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады: ашық кеңістіктен аулақ болу, ұялы телефон пайдаланбау және металл заттарға жақындамау қажет.