Ыстанбұлдағы Айя-София мешітін өртемек болған ер адам ұсталды

/
Ыстанбұлдағы Айя-София мешітін өртемек болған ер адам ұсталды
istockphoto.com

5 тамызда Түрік полициясы Ыстанбұлдағы Айя-София мешітінде өрт қоюға әрекет жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Иша намазы кезінде болған. Қызыл баскиім мен шолақ шалбар киген күдікті қалтасына жасырған қағаздарды пайдаланып, мешіт ішінде от жақпақ болған. Алайда әйел адамның жалынды байқап, имамға хабар беруінің арқасында өрттің алдын алуға мүмкіндік туды.

«Полиция бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтап, оқиғадан бірнеше сағат өткен соң ұсталды», — делінген Ekol TV мәліметінде.

 Фатих аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, күдікті шілде айында «діни нысандар мен зираттарды бүлдірді» деген айыппен тұтқындалған. Сондай-ақ ол Бакыркөйдегі психикалық және неврологиялық аурулар ауруханасында ем алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары