Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

/
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
istockphoto

6 тамыз күні еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласында найзағай соғып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр және желдің күшеюі болжануда. Кейбір аймақтарда тұман түсуі де мүмкін.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық пен шаңды дауыл күтіледі. Ауаның температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі.

Көптеген өңірлерде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталуда.

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға, далада абай болуға, қажет болмаса алыс жолға шықпауға кеңес береді. Қауіпсіздік мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын сақтау маңызды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары