Бастығының 102 млн теңге тұратын әшекейлерін ұрлаған келіншек рақымшылыққа ілінді

/
Бастығының 102 млн теңге тұратын әшекейлерін ұрлаған келіншек рақымшылыққа ілінді
istockphoto.com

Қостанайлық келіншек бір компанияда бухгалтер болып жұмыс істеп жүріп, бастығының сейфінен алтын бұйымдарды ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әшекейлердің құны 102 млн теңгеге бағаланған.

«Жәбірленуші келтірілген материалдық шығын өтелмегендіктен, айыпталушыны барынша қатаң жазалауды сұрады. Айыпталушы ұрлық жасағанын мойындады, бірақ шығын сомасымен келіспеді», – делінген хабарламада.

Сот әйелге жалпы тәртіптегі колонияда алты жыл үш ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, бірден рақымшылық жасады. Нәтижесінде түпкілікті жаза төрт жыл тоғыз айға қысқартылды.

Азаматтық талап ұрланған мүліктің қайтарылуына байланысты ішінара қанағаттандырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары