Астанада дәмхананың алдына тірі түйеқұс әкеліп қойғандар желіні шулатты (ВИДЕО)

/
Астанада дәмхананың алдына тірі түйеқұс әкеліп қойғандар желіні шулатты (ВИДЕО)
Фото: Threads.com/rahimiva_madina

Астана тұрғынЫ донерxана жанында тұрған тірі түйеқұсты көріп, оны назар аударту үшін пайдаланып отырғанын байқап, мекеме басшылығына шағымданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Не істеп жатырсыздар? Неліктен түйеқұсты ойын-сауық шоуы ретінде пайдаланасыздар! Ол ойыншық емес, ол да тірі жан иесі, дем алады, тамақтанады, су ішеді, өмір сүреді және өмір сүргісі келеді», — деп ашуланды астаналық тұрғын.

Қазақстандықтар пікірлерде наразылықтарын білдірді.

«Жануарларға қатыгездік туралы заң қайда? Түйеқұстар саваннада өмір сүруі керек! Одан түйеқұсты алып қойыңдар», «Жануарды пайдаланудың не қажеті бар? Қандай идея жеткізбек болды? Бұл сұмдық…» — деп жазды аң-таң болған қолданушылар.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары