Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

/
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
sports.kz

Қазақстандық боксшы Илья Калинин Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол U22 турнирінің 65 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шығу үшін бақ сынады. Калининнің ширек финалда қарсыласы Оңтүстік Кореядан келген Дон Хен Ли болды. Кездесу Ильяның төрешілердің бірауызды шешімімен айқын жеңісімен аяқталды. Ол жартылай финалда жүлде үшін күресін жалғастырады, ал Дон Хен Ли МАЧ-2025 турнирін аяқтады.

Еске сала кетейік, алдыңғы айналымда Илья Калинин төрешілердің бөлек шешімімен үндістандық Малик Притті жеңген болатын.

Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты – World Boxing ұйымынан шыққан U19 және U22 жас санатындағы алғашқы құрлықтық біріншілік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары