Оқиға орнында бір көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 243-ші шақырымда «Астана — Петропавл» автожолында «Hyundai Elantra» және «ВАЗ-2107» автокөліктері соқтығысқан.
— «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал «Hyundai Elantra» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, — деді жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Уалихан Жүнісбеков.
Қазіргі таңда өңір полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.