Елімізде мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарған

/
Елімізде мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарған
istockphoto

Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кеңесте мектеп директорларын бос лауазымдарға тағайындау мәселесі қаралды.

2023 жылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектептерде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" стратегиялық жобасы іске асырып келеді.

"Екі жыл ішінде іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен 583 кандидат республикалық кадр резервінің құрамына енді. 2025 жылы тағы 400 үміткер оқудан өтуде. Жобаны іске асыру барысында мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды. Өңірлердің басым бөлігі басқарушы лауазымдарына арнайы дайындықтан өткен мамандарды тағайындау арқылы кадрлық резервтің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады", - дейді оқу-ағарту министрлігі.

Одан бөлек, 4 мыңға жуық директор "Өрлеу" БАҰО-да қысқа мерзімді курстардан өткен.

"Жоба айтарлықтай нәтиже берді, мектептерде жаңашыл, ынталы менеджерлер пайда болады. Енді бұл процесс жүйелеп, қалған барлық бос жұмыс орындарға басқарушы кадрларды тағайындауды тамыз айында аяқтау маңызды", – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, бірқатар өңірлерде кадр резервінің әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ол тамыз айында қалған бос жұмыс орындарына тағайындауды аяқтауды тапсырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары