Қазақстандық оқушылар информатикадан олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық оқушылар информатикадан олимпиадада төрт медаль жеңіп алды
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды.

Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті. 

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады. 

Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;

Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;

Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;

Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері: Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай. 

Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. 

Жеңімпаздарды, олардың жетекшілерін және ата-аналарын зор жетістігімен құттықтаймыз! Бұл – еліміздің халықаралық беделіне қосылған сүбелі үлес.

Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бұл беделді жарысқа 1998 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар барлығы 75 медаль жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары