Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды

/
Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды
Видеодан скриншот

Мұнайлы ауданында өткен үйлену тойында қонақтар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласты. Бұл туралы turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан ақ жейде киген бірнеше жігіттің көше бойында төбелесіп жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 31 шілде күні болған. Той қонақтары арасында ауызша кикілжің шығып, ол соңы үлкен жанжалға ұласқан.

«Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды. Олар – 2004-2005 жылы туған жастар. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары