3 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, дауыл, бұршақ пен аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 03 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 03 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 03 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 03 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Астана қ.: 03 тамызда түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 03 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 03 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 03 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодар қ.: 03 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 03 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 03 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 03 тамызда түнде найзағай күтіледі.
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 03 тамызда таңертен және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 03 тамызда солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.