Оралда есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды

/
Оралда есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды
Фото: БҚО полиция департаменті

Орал қаласында полицейлер «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтап, қызметін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, заңсыз істі ұйымдастырған Орал қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тұрғылықты жерін тінту кезінде ерекше исі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 12 түйіншек, электронды таразы, жазбалары бар дәптер, оқшаулағыш лента, zip-пакеттер және ноутбук тәркіленді. 

— Сондай-ақ есірткі жасырумен айналысқан 24 жастағы жігіт ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан бір түйіншек табылды. Ұялы телефонын қарау барысында есірткі жасырған 40 орынның координаттары анықталды, сол жерлерден ерекше исі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 17 түйіншек тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары