Бүгін сағат 14:00 шамасында Жетісу облысының бүкіл аумағында электр қуаты жаппай сөнді. Бұл туралы «ТАТЭК» АҚ Электр желісінің компаниясы хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарық Талдықорған қаласында және облыстың өзге де елді мекендерінде толықтай жоқ.
Электр қуатының болмауына байланысты жолдағы бағдаршамдар да істен шыққан. Сағат 15:30–дағы жағдай бойынша жарық әлі қосылған жоқ.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Ресми қызметтер электрмен жабдықтауды қалпына келтіру және жағдайды реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
https://kaz.inform.kz/news/zhetsu-oblisinin-aumaginda-zharik-oshp-kaldi-00018b/