"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев Instagram-дағы парақшасында жол апатына ұшыраған дінтанушы Нұрсұлтан Рысмағамбетовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол халықтан дінтанушының сауығып кетуін тілеуді сұрады.
«Нұрсұлтан ұстазымыз жол апатына ұшырапты деген хабарды естігенде уайымдап қалдық. 10 дұғам болса бәрін сіздің жазылып кетуіңіз үшін Алладан сұрадым.
Әлхамдулиллә, бүгін істің жай-жапсарын біліп, көңіліміз орнына түсті. Нұрсұлтан ұстаз дін аман, бәрі жақсы екен. Алла отбасыңызға аман-есен қуанып оралуды нәсіп етсін. Дұға жасап қойыңыздар, бауырлар!» - деп жазды ол.