Танымал спортшы Сабина Алтынбекова Ақтөбедегі мешітте қырықтан асқан еркектен бейәдеп ұсыныс естіген қызға қолдау білдірді. Және бойжеткенді жазғырмақ болғандарды айыптап, қысым көрсеткен жігіттерге жайыңа жүріңдер деп кеңес берді.
— Біріншіден, өзім осындай жағдайға тап болсам, мен де видеоға түсіріп қана қоймай, бар күшіммен қарсы тұрар едім. Екіншіден, өзін «еркекпін» деп атайтындар, қыздарды қорғаудың орнына, діннің артына тығылып алып, ақыл айтып, қызды кінәлап отыр. Ормалды әйелдерге арналған есік жабық болғандықтан, мешітке барып намазын өтемек болған. Ал олар «үйде отыр» дейді. Бұл ел Ауғанстан емес! Сендер осындайларды ақтап алуға әрдайым сылтау табасыңдар ма? Ұялсаңдаршы!», - деп жазды ол.
Спортта сұлулығымен елге танылған Сабинаның сөзін құптаушылар қарасы көп. Әйтсе де осыған дейін ақтөбелік Эммануэлла Наурызбаеваны жазғырғандар болған еді.