Қостанайда екі жасөспірім ұйықтап жатқан қыздың беті мен денесін күйдірген

/
Қостанайда екі жасөспірім ұйықтап жатқан қыздың беті мен денесін күйдірген
istockphoto.com

2025 жылдың сәуірінде Лисаков қаласындағы пәтерде кәмелетке толмаған екі жасөспірім тамақ пісіруге арналған металл қалақты газ плитасында қыздырып, ұйықтап жатқан, кәмелетке толмаған қыздың сол жақ бетіне, оң аяғына және сол қолына басқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соттың қаулылары заңды күшіне енген.

«Азаматтық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша жәбірленуші кәмелетке толмаған қыздың денсаулығына жеңіл зиян келтіретін дене жарақаттары бар екені анықталды. Азаматтық істі қарау нәтижесінде талапкердің моральдық зиянды өндіру туралы талабы ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерлерден жалпы бір миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіру туралы шешімі қабылданды. Ол соманы әрқайсысы 500 мың теңгеден бөліп төлеуі тиіс», – деп хабарлады сот.

Сот сондай-ақ талапкерге жарақатқа байланысты кейінгі емдеу және операциялық косметикалық процедуралар жүргізілген жағдайда, шығынды өндіру үшін сотқа қайта жүгінуге құқығы бар екенін түсіндірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары