Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай 40 балаға көмек көрсеткенін мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол мектепке 5-6 баласы баратын ата-аналарға 2 млн теңгені бөліп берген.
«-2 млн теңге, +40 бақытты бала, күлімдеген көп балалы аналар. Жақсылық санмен емес жүрекпен өлшенеді», – деп жазды Назым Қызайбай Instagram желісінде.
Айтуынша, мұқтаж отбасылар әлі де көп. Боксшы басқаларды да жақсылық жасауға шақырды.
«Егер шын ниетпен көмектескісі келетіндер болса, жеке мәліметтерін бере аламыз, көмекшіме жазсаңыздар болады. Барлығынан құжат сұралды, аударым тек растаудан кейін жасалады.
Аз да болса қолымнан келгенше көмектестім. Мүмкіндік болса тағы да көмектесемін, Алла қаласа», – деп жазды боксшы.