Астана мен Алматыда дауыл тұрып, найзағай ойнайды

/
Астана мен Алматыда дауыл тұрып, найзағай ойнайды
istockphoto.com

Синоптиктер алдағы үш күнге – 1-3 тамызға арналған Астана мен Алматының ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласындағы ауа-райы

1 тамызда елордада ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +12…+14°, күндіз +22…+24°.

2 тамызда – бұлтты, кей жерлерде ашық, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай сақталады. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін. Түнде +13…+15°, күндіз +21…+23°.

3 тамызда – түнде және таңертең қайтадан жаңбыр мен тұман болжанады. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +11…+13°, күндіз +19…+21°.

Алматы қаласындағы ауа-райы

1 тамызда мегаполисте ауыспалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 18 м/с дейін жетеді. Түнде +20…+22°, күндіз +31…+33°.

2 тамызда – қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай сақталады. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, кейде екпіні 18 м/с дейін. Түнде +18…+20°, күндіз +27…+29°.

3 тамызда – ауыспалы бұлтты, қысқа мерзімді жауын-шашын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 18 м/с дейін. Түнде +16…+18°, күндіз +28…+30°.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты жауын-шашын мен бұршақ күтілетінін хабарлаған болатын. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың беті қайтып келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары