Павлодар – Астана тас жолында жүргізуші қаза тапты

/
Павлодар – Астана тас жолында жүргізуші қаза тапты
istockphoto.com

Павлодар – Астана тас жолында апат болды. Павлодар облысының Полиция департаменті жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«30 шілдеде Достық ауылы маңында Павлодар – Астана автожолында Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі, алдын-ала мәлімет бойынша, көлікті басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - деді ведомство.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары