Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

/
Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талғат Алдыбергенов:  

  • биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты. 
  • Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:

  • биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;
  • Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;
  • Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды. 
  • Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді. 

Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:

  • Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;
  • Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары