Қыста Астана – Щучинск жолында 100 автокөлік соқтығысқан апатқа кім кінәлі?

/
Қыста Астана – Щучинск жолында 100 автокөлік соқтығысқан апатқа кім кінәлі?
ҚР ТЖД

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкіметтегі баспасөз конференциясында қыста болған ірі жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, апатқа жүзге жуық көлік қатысқан.

«3 қаңтарда Астана-Щучинск жолында сағат 11:30-да болған апатқа шамамен 97 автокөлік қатысқан. Бұл оқиға бойынша тиісті қылмыстық іс қозғалды. Сот процестері жүріп жатыр. Әзірге кінәлілер анықталған жоқ. Процесс жалғасуда», – деді Иманашев.

Ол жол қызметтері мен полиция барлық қажетті шараларды орындағанын, бірақ барлық жүргізушілердің ережені сақтамағанын атап өтті.

«Жол жүру барысында кейбір қатысушылардың жылдамдықты асырғаны камераға түсірілген. Сонымен қатар қозғалысқа шектеу болған, жол көрінбеген, сол кезде тұман болды. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар тарапынан жылдамдық режимін бұзу фактілері тіркелді», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта компанияға шығынды өтеу бойынша талап-арыздар түспеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары