Қызым әкемнің Динарадан туған үш баласымен бірге ойнайды –  Асылжан Әбдіхалықов

/
Қызым әкемнің Динарадан туған үш баласымен бірге ойнайды –  Асылжан Әбдіхалықов
Коллаж: Turkystan.kz

Жақында Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева ортақ ұлдары Асылжаннан туған тұңғыш немерелері Айсұлудың бір жасқа толуына орай дүркіретіп той жасаған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы той қарсаңында «7 арнаға» берген сұхбаттарында әкелі-балалы Сәбит пен Асылжан Әбдіхалықовтар отбасылық қарым-қатынастары жайлы айтты.

«Анам Астанада, шетелде жүреді. Әкем екеуміз жақын жерде тұрамыз. Жиі барып тұрамыз. Қызым үйде жалғыз, ойнайтын бала жоқ. Әкемде үш бала бар. Ойнату үшін соның үйіне апарамыз», – дейді Асылжан.

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші жұбайы Динарадан екі ұл, бір қызы бар. Үлкен ұлы бес жаста, екінші ұлы үш жаста болса, қызы алты айлық. Осылайша Асылжаннан туған, бір жастағы немересі қызынан үлкен болып тұр.

«Немеремнің тілі «ата» деп шықты. Ұлым мен келінім үйге жиі келіп тұрады. Балаларыммен бірге ойнайды. Бәрі бауыр ғой. Кішкентай қызым бар. Немерем қызыма қарайды», – дейді Сәбит Әбдіхалықов.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары