Атақты биатлоншы әрі альпинист Лаура Дальмайер қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Биатлоншы Пәкістанда тауға мінемін деп тас үйіндісінің астында қалған.
"Спортшы Лаура Дальмайер Пәкістанда тас құлау оқиғасына тап болды. Атақты биатлоншы: Пхенчхандағы Олимпиадада екі жеңіс, әлем чемпионатында жеті алтын медаль, Әлем кубогының иегері. Лаура үлкен спортқа найзағайдай кіріп келді, бірақ 25 жасында спорттан кетті. Мотивациясын жоғалтты. Биатлонға деген махаббат өшті. Бірақ тауға деген махаббат жаңа күшпен тұтанды. Тау әрқашан Лаураның жүрегінде болған. Кішкентай Дальмайер Гармиш-Партенкирхен қалашығында өмір сүрді. Жанында – Бавар Альпілері. Бүкіл балалық шағы таумен байланысты болды. Жылдар өтсе де, бұл сезім өзгермеді: «Биатлоншы ретіндегі мансабым кезінде де, тау мен үшін тыныштық пен күштің көзі болды. Осында мен мазасыз уақытта да тыныштық таба аламын, шешім тауып, күш жинап, өзіме келе аламын» 2022 жылы Лаураның жігіті (ол да тәжірибелі альпинист) қар көшкінінің астында қалып, мерт болған. Бұл қайғылы оқиға Дальмайерді қорқытпады: ол шыңдарды бірінен соң бірін бағындырып, альпинизммен, трейлраннингпен және басқа да спорт түрлерімен айналысты. Тау Лаураға өзін тірі сезінуге көмектесті. Бірақ сол таулар оның сүйіктісін де, өз өмірін де алып кетті. Өмір осылай қатал. Жаны жай тапсын", деді әлеуметтік желідегі парақшада.