Ақмола облысында балабақша бухгалтері 9 млн теңге жымқырған

/
Ақмола облысында балабақша бухгалтері 9 млн теңге жымқырған
istockphoto.com

Ақмола облысы Жақсы ауданында балабақша бухгалтері 9 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соттың ақпаратынша, ол қызмет бабын пайдаланып, балабақша меңгерушісінің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы қаржыны жеке мақсатына аударып отырған.

2021 жылдан 2023 жылға дейін бухгалтер:

  • өзі үшін – 8,2 млн теңге;
  • қызының атына – 692 мың теңге;
  • косметологиялық қызметтерге – 137 мың теңге көлемінде заңсыз аударым жасаған. Сонымен қатар, ол салық есептілігінде кейбір қызметкерлерді жасырып, соның салдарынан 6,6 миллион теңге көлемінде салықтық қарыз пайда болған.

Сот үкім шығару барысында айыпталушының кінәсін мойындауын, өкінуін және шығынды ішінара өтеуін ескерген. Білім бөлімі тарапынан материалдық шығынды өндіріп алу жөнінде азаматтық талап арыз түсіріліп, ол сот тарапынан қанағаттандырылды.

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия туралы заңға сәйкес, сот Т.-ға 2 жыл 9 ай 18 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оған бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары