Қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия ойындарында төрелік етеді

/
Қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия ойындарында төрелік етеді
olympic.kz

Қазақстандық жоғары санатты халықаралық төреші Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда ұйымдастырылатын Азия ойындарында үстел теннисінен өтетін кездесулерде төрелік етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның төрешілер құрамына енгені туралы Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қазақстан үстел теннисі федерациясына ресми түрде хабарлаған.

Сонымен қатар халықаралық санаттағы төрешілер – Гүлназ Жалалдин мен Рустам Мирасланов 2026 жылғы Азия пара ойындарында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары