Шығыс Қазақстанда жасөспірім қыз танымал болу үшін мысықты мүшелеп тастаған

/
Шығыс Қазақстанда жасөспірім қыз танымал болу үшін мысықты мүшелеп тастаған
istockphoto.com

Риддерде тұратын 17 жастағы бойжеткен әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің мысығын қалай бөлшектегенін баяндаған. Мұны көрген желі қолданушылары оны қатаң жазалауды сұрап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аталған факті бойынша 17 жастағы жасөспірім ата-анасымен бірге полицияға жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр. Жасөспірім мен оның ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әрі қарай қарап, қажетті шаралар қабылдау үшін материал әкімдік жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.

Жасөспірім отбасымен Риддерден көшіп кеткендіктен полиция оны бір тәулік бойы іздеген.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары