Белгілі әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында Баян Алагөзовадан Қозы Көрпеш – Баян сұлу сериалына кеткен қаржыны қазынаға қайтаруды талап етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, бұл жоба бюджет қаражат есебінен түсірілген, бірақ сериал қоғамның, әсіресе зиялы қауымның сынына ұшыраған.
"Бұл сериал ұлттық арнада көрсетілді. Демек, халықтың салығынан жиналған ақшаға түсірілген. Ал негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай «түсініксіз кастинг» қалай өтті?", – дейді ол.
Өнер иесі продюсер Баян Мақсатқызы бастаған топ өзіне шабуыл жасағанын атап өтті.
"Мен тек пікірімді айттым. Содан кейін Баян, Бағым, бәрі жабылып, боқтады. «Сен ешкім емессің», «нөлсің», «бездарная» деп айтты. Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жаттым, ол енді ғана түскен. Мен көшеден келген адам емеспін, білімдімін. Қолымдағы құжаттармен любой адамды құлата аламын, – дейді ол.
Актриса бұл жағдайдан кейін өзін қаралау науқаны басталғанын айтып отыр. Айтуынша, сыни пікір білдіргені үшін жеке басына тиісу жиілеп кеткен.