XXI ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы қашан болатыны белгілі болды

/
XXI ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы қашан болатыны белгілі болды
istockphoto

2 тамызда бүкіл әлем алты минутқа қараңғылыққа шомады деген қауесет интернетте тарап жатыр. Мұндай оқиға тағы жүз жыл бойы қайталанбайды деген де болжам бар. Бұл ақпарат белгілі бір деңгейде шындыққа жанасады — бұл күні расында да ерекше астрономиялық құбылыс болады, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Space басылымының жазуынша, 2027 жылдың 2 тамызында толық күн тұтылады. Астрономдардың айтуынша, бұл Жерден бақыланатын XXI ғасырдағы ең ұзақ Күн тұтылуы болмақ. Ай Күнді толық жауып, аспандf 6 минут 22 секунд қараңғылық орайды. Салыстырмалы түрде алғанда, 2024 жылғы сәуірде болған толық тұтылу ең ұзақ дегенде 4 минут 28 секундқа ғана созылған еді.

2027 жылғы тұтылу 258 шақырымдық жіңішке жолақ бойымен өтеді және ол 11 елдің аумағын қамтиды: Испания, Гибралтар, Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Египет, Судан, Сауд Арабиясы, Йемен және Сомали.

Тұтылудың жартылай фазасын Африка, Оңтүстік Азия мен Еуропаның көп бөлігінен көруге болады. Ал басқа өңірлерде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.

Мамандар бұл ерекше құбылысты тамашалағысы келетін жандарға алдын ала бақылау орнын белгілеп, ауа райын мұқият қадағалауға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары