Алматы облысында қансырап жатқан Ресей азаматы құтқарылды

/
Алматы облысында қансырап жатқан Ресей азаматы құтқарылды
Видеодан алынған скриншот

Алматы облысындағы Күншуақ полянасы маңында қатты қансырап жатқан Ресей Федерациясының азаматшасы құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бүгін 112 пультіне қоңырау түсті: Алматы облысындағы Күншуақ полянасы маңында қатты қансырап жатқан Ресей Федерациясының азаматшасы болған. Оқиға орнына жаяу жету 6–7 сағатты, ал зардап шегушіні эвакуациялау 10 сағатқа дейін созылуы мүмкін болғандықтан, авиацияның көмегінсіз болмайтыны анық еді.Операцияны жүргізу үшін ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы тауға жаяу шықты. Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды. Әуе кемесі Күншуақ полянасы маңына қонып, бортқа зардап шегушіні және жағдайы нашарлаған оның жолдасын, екеуі де Ресей Федерациясының азаматтары, көтерді. Тікұшақ туристерді аман-есен Боралдай әуежайына жеткізіп, оларды әрі қарайғы медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ ЖМК бригадасына тапсырды», - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары