Абайдың 180 жылдығы: Семейде «ABAI QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтеді

/
Абайдың 180 жылдығы: Семейде «ABAI QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтеді
gov.kz

Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен 2 тамызда «ABAI QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Семей қаласындағы «Абай Арена» кешенінде өткізілетін іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 180 команда қатысады.

Ойынның мақсаты — жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ Абай мұрасын насихаттау.

Қатысу шарттары:

• 18-35 жас аралығындағы жастар;

• 6 адамнан тұратын команда;

• Біркелкі киім стилі;

• Қатысу — тегін;

• Тіркелу мерзімі — 2025 жылғы 25 шілдеге дейін

• Тіркелу сілтемесі: @qazaq_quiz парақшасында

Бас жүлде — 1 000 000 теңге!

Байланыс: Ақнұр Асхатқызы — +7 777 279 10 15

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары