Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

/
Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифингте күнтізбеге Энергетиктер күнін белгілеу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Тілшілер мұндай кәсіби мерекенің күнтізбеде пайда болуы қаншалықты мүмкін екенін сұрады.

«Бүгінгі таңда біз Энергетиктер күні (белгілеу - ред.ескертпесі) бойынша жұмыс істеп жатырмыз, мәселе бұйрықты бекітуге қатысты. Жоба Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Жақын арада келіссек, күнді бекітеміз, ол күн – 22 желтоқсан», - деді Асқар Биахметов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары