Батыс Қазақстанда 50 бас мал ұрлағандар ұсталды

/
Батыс Қазақстанда 50 бас мал ұрлағандар ұсталды
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер 2024 жылғы қараша айынан 2025 жылғы маусым айына дейін Бөкейорда ауданы аумағында еркін жайылымда жүрген ірі қара малдарды ұрлап келген. Барлығы 49 бас ірі қара мал ұрланған. Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын шамамен 20 млн теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар олардың мал ұрлығы бойынша тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары