Қорғаныс министрлігі әскери киімдердің сапасын бақылауды күшейтеді

/
Қорғаныс министрлігі әскери киімдердің сапасын бақылауды күшейтеді
gov.kz

Қорғаныс министрлігінде 2026 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде киім-кешек мүлкінің сапасын арттыру мәселелері және үлгілерін қараудың бірінші кезеңін қорытындылау кеңесі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеңес Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың басшылығымен өтті. Оған қорғаныс ведомствосының және отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әскери қызметшілерді киім-кешектің түрлерінің жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Қорғаныс министрлігі қолданылатын материалдардың сапасына, тігін бұйымдарына және киімді пайдалану сипаттамаларына жоғары талаптар қоятыны атап өтілді.

«Алдымен жеткізілетін киім-кешектің сапасы жақсы болуы керек. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы мен моральдық жағдайы форманың қаншалықты ыңғайлы, сенімді және функционалды болуына тікелей байланысты. Біз өндірушілерден барлық стандарттардың сақталуын, сапалы материалдарды пайдалануды және заманауи технологияларды енгізуді күтеміз», – деп атап өтті генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.

Диалог ашық форматта өтті: тараптар технологиялық процестерді жетілдіру, заманауи шешімдерді енгізу және сапа стандарттарын арттыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Жаңа, соның ішінде өндірісті жаңғыртатын алдыңғы қатарлы технологияларды енгізетін зауыттар жақсы жағынан атап өтілді.

Жақсы үлгілерін көрсетсе де, бірқатар кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген жабдықты пайдаланады, ал конструкторлық бюролардың жұмысы күшейтуді қажет етеді.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолдауға қарамастан, импорттық материалдарға тәуелділік сақталатыны атап өтілді. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін маталар, былғары, фурнитуралар мен материалдың астарына пайдаланатын отандық өндіріс дамымаған.

Кездесу барысында Тылдық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Әсет Оразалин сөз сөйледі. Ол жеткізілетін өнімнің сапасына талдау жасап, соңғы бір жарым жылда киім-кешек пен аяқ киімнің сапасыз үлгілері анықталғанын атап өтті.  Офицердің айтуынша, тек 2024-2025 жылдар аралығында 1200-ден астам жазғы және қысқы етік ауыстырылды, олар талаптарға сай келмейді немесе зауыттық ақаудан деді.  

Сапаны арттыру үшін Қарулы Күштердің Тыл мамандары далалық киім-кешектерді, іш киімдерді, шұлықтарды, аяқ киімдерді, жабдықтарды және басқа да керек-жарақтарды қамтитын техникалық ерекшеліктерге өзгерістер енгізді.

Кеңес соңында Қорғаныс министрінің орынбасары ашық форматта өткізілетін кездесулер ойталқыларға, пікір алмасуға тиімді алаң ретінде қызмет ететінін және оң пікірлер айтылатынын атап өтті. Мұның бәрі әскери қызметшілерге арналған киім-кешектермен қоса өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмысты жолға қоюға арналған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары