Қарағанды облысында пойызда босанып, баласын жүріп бара жатқан құрамның унитазына тастаған 29 жастағы әйелге қатысты үкім шықты. Келіншек қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол есі дұрыс емес деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Адам шошырлық оқиға сәуір айының соңында болған. Пойыз Қызылорда – Павлодар бағытымен жүріп келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Қарағандыдан кейін жолсерік әжетханада қанның ізін байқап қалған. Жолаушылар арасында дүрбелең басталған. Қанды із купеге апарған. Сол жерде төсек-орын қанға боялған, ал үстінде босанған әйел жатқан. Ол бала туып, оны унитазға тастағанын айтқан. Станцияда жедел жәрдем шақыртылып, дәрігерлер босану фактісін растаған. Кіндіктің доғал затпен үзілгені анықталған. Баланың денесі кейін табылды.
Сараптама нәтижелері бойынша нәресте тірі, жетіліп туған, бірақ құлаған кезде қайтыс болған. Бас сүйегі сынғн, ашық ми жарақаты, гематома, қан құйылу және басқа да көптеген жарақат алған.
Осакаров аудандық соты әкімшісінің жетекшісі Қарлығаш Досымханованың айтуынша, сот істі мұқият қарап, оның әрекетінде қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілері бар деп тапқанымен, ақыл-есі дұрыс еместігіне байланысты оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады.
«Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Жабық типтегі мамандандырылған психиатриялық стационарға орналастырылады», – деп түсіндірді сотта.