Белгілі әнші еліміздің халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге сұхбат берді. Өнер иесі жалғыз қызы Мерейдің тұрмыс құрғанын көріп, әже болуды армандайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жақсы жігіт кездессе, ертерек тұрмысқа шығып кетсейші деп жиі айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере (қыздан туған бала жиен – агенттік ескертпесі) сүйгім келіп жүр. Баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба?» деген әңгімелер айтады. Бір жағынан бір түрлі болып қалады екенсің. Сосын, «жоға, жүре бер, бұйырғаны болар» деп басу айтамын», - дейді әнші.