Қазақстанда балалар спорт жарыстарына неше жастан бастап қатыса алады?

/
Қазақстанда балалар спорт жарыстарына неше жастан бастап қатыса алады?
istockphoto.com

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі әлеуметтік желіде тарап жатқан «балаларға спортпен айналысуға тыйым салу» жөніндегі ақпараттарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрлік бұл ақпараттың 2025 жылғы 16 шілдеде бекітілген №133 бұйрыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.

«Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Жарыстар – спорттық дайындықтың бір бөлігі ретінде белгілі бір физикалық және эмоциялық жүктемелермен байланысты. Осыған орай, министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.

Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсынысы негізінде әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды», - делінген министрлік хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары