Апат бүгін түнде болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген фото және бейнематериалдар жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алдын-ала деректер бойынша, Range Rover автокөлігінің жүргізушісі Желтоқсан және Қаблиса Жырау көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, Toyota автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Барлық көлік құралдары тергеу әрекеттерін жүргізу үшін арнайы тұраққа қойылды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.