Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлде жеңіп алды. Ел қоржынына екі күміс және бес қола медаль түсті.
Күміс жүлдені Алан Құрманғалиев (U-19) пен Злата Стадник (U-11) еншіледі.
Қола медаль иегерлері: Нұрдәулет Азаматұлы (U-13), Жәния Бекмұхамбетова (U-13), Арайлым Сапабек (U-13), Қарақат Мейірхан (U-11) және Аделя Әлжанова (U-11).