Астана әуежайында не болып жатыр (ВИДЕО)

/
Астана әуежайында не болып жатыр (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында болған су тасқынының видеолары тарады, деп хабарлайды turkystan.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

Кадрлардан судың құбырдан қатты қысыммен атқылап, айналаны түгел суға толтырғаны байқалады. Тағы бір видеода су қабырға ішіндегі қаптамадан сыртқа шығып жатыр. Комментарий жазғандар бұл халықаралық терминал екенін айтуда.

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады. Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні сағат 19:36-да халықаралық терминалдың бірінші қабатында жауын суын ағызатын құбыр жарылған.

Ақау 12 минут ішінде мамандардың көмегімен жойылған.

Оқиға әуежайдың жұмыс кестесіне әсер етпеген – рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелмеді. Жұмыс қалыпты режимде жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары